Әлеуметтік желілердің жұлдызына айналған Бишімбаев ісі бойынша прокурор Айжан Аймағанова әйелдің құқ...
Жаңбыр, қар, боран: Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды
ашық дереккөз
РМК “Қазгидромет” синоптиктері 4 наурызда бірқатар өңірлерде тұман, жаңбыр, қар, көктайғақ және желдің күшеюі болжанатынын хабарлайды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел күшейіп, 15–20 м/с болады.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыс, шығыс бағыттарынан, облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с.
Алматы қаласында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз екпіні 15 м/с.
Қонаев қаласында түнде тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с.
Іле-Алатауы тауларында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында): 4 наурыз кешке қатты жауын-шашын (негізінен қар) күтіледі. Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыс, шығыс бағыттарынан, кей кезде екпіні 15–20 м/с.
Түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Атырау қаласында түнде және таңертең тұман.
4 наурызда Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында көктайғақ, жер үсті бораны күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болады. Жел шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады: түнде таулы аудандарда 15–20 м/с, күндіз солтүстікте, батыста, оңтүстікте және таулы аудандарда 15–20 м/с, тау асуларында екпіні 23–28 м/с.
Шымкентте түнде жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр), күндіз жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта тұман. Жел шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Түркістан қаласында түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), күндіз жаңбыр күтіледі. Кей уақытта тұман. Жел шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Таңертең және күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жер үсті бораны, көктайғақ болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.
Күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жер үсті бораны, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.
Түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жер үсті бораны, көктайғақ, ал күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жер үсті бораны, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан, облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15–18 м/с.
Ақтөбе қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанады.
Жауын-шашын (жаңбыр, қар), жер үсті бораны, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан, күндіз екпіні 15–20 м/с.
Орал қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жер үсті бораны, тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан, күндіз екпіні 15–20 м/с.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысында қар, боран, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан: түнде облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 25 м/с-қа дейін.
Петропавл қаласында түнде қар, боран, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ, тұман. Жел оңтүстік-батыстан 15–20 м/с.
Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жер үсті бораны, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жер үсті бораны, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15–20 м/с.
Қостанай қаласында түнде қар, жер үсті бораны, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жер үсті бораны, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз екпіні 15–20 м/с.