Дастан Сәтпаев мансабын “Челсиде” жалғастыратыны мәлім болды, деп хабарлайды madeniporta...
Қазақстан әуе компаниялары ескертуге қарамастан Таяу Шығысқа ұшуды жалғастырған
Ашық дереккөздерден
ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Қазақстан әуе компанияларының ұшуларына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп жазды Мadeniportal.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Туризм және спорт министрлігінің мәлімдемесін еске салды. Онда аймақтағы бірқатар елдердің әуе кеңістігіне және оған жақын аумақтарға ұшуға тыйым салынғаны айтылған. Бұл тізімге Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан кіреді.
"Туристерге жағдайдың қалай өзгеріп жатқанын мұқият бақылап, сапар жоспарлағанда барлық қауіп-қатерді ескеруге кеңес беріледі, әсіресе Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) мен Парсы шығанағындағы басқа елдерге бару кезінде. Қажет болған жағдайда қазақстандық туристерді елге қайтару 'Туристік Қамқор' қоры мен әуе компаниялармен бірлесе ұйымдастырылады", – деді Смадияров.
Соған қарамастан, мемлекеттік органдардың ескертуіне құлақ аспай, Қазақстаннан БАӘ-ге ұшатын рейстер толығымен жолаушыларға лық толып шыққанын айтты.
"Соңғы екі күнде мемлекеттік органдардың ескертуіне қарамастан, Қазақстаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне бағыт алған ұшақтар толық жүктемемен ұшты. Сондықтан Таяу Шығыс елдеріне сапар шегетін азаматтарды тағы бір мәрте барлық тәуекелдерді мұқият таразылап, ойланып шешім қабылдауға шақырамыз", – деді СІМ ресми өкілі.