Дүлей дауыл салдарынан мыңға жуық адам ажал құшты

Фото: Видеодан алынған кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2445

Соңғы 90 жылдағы ең күшті дауыл Үнді Мұхитындағы Француз Майотта архипелагына соқты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Сағатына 200 шақырымнан асатын жел үйлерді қиратып, мыңға жуық адамның өліміне себеп болды.

Қуатты «Шидо» циклоны 14 желтоқсанға қараған түні Француз Майотта архипелагының аралдарына соққан. Жергілікті билік әзірге бұл жойқын дауылдың қанша адамның өмірін қиғанын болжай алмай отыр.

«Құрбандар саны жүзден көп, ол мыңға да баруы мүмкін», - деді жергілікті француз әкімшілігінің басшысы Франсуа-Ксавье Бьевиль.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...