«Дүркіретіп той жасасам да болар еді»: Қайрат Нұртастың әйелі туған күнінде әсерлі жазба жариялады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
302

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың әйелі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова туған күнін атап өтті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Актриса туған күнін дүркіретіп атап өтуді жөн көрмеген.

"38 жас. Бұйыртса 13 879-таңым атады.  Осы жасқа жеткенше ата-анама бала, бауырларыма жанашыр, ата-енеме келін, жолдасыма жар, балаларыма ана, құрбыларыма дос, әріптестеріме маман болуға тырысып келеді екенмін. Қайсысын мінсіз орындап жатқанымды білмеймін. Оларға аян. Дүркіретіп тойласам да жарасар еді. Бірақ, күйім бөлек болып тұрғаны. Артыма қарап, өткен өмірге шолу жасап, өзге түгіл өз алдымда есеп бергім келмейді. Пайдасы не? Өткендегінің ештеңесін өзгерте алмаймын! Болашаққа мың сан жоспар болғанымен, адамның басы Алланың добы ғой, не дайындағанын кім білген? Демек, уысымда бүгінім ғана бар", - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Сондай-ақ әншінің жары болашақта өзін тек шығармашылық жолға арнайтынын айтты.

"Арман, мақсат, меже жоқ емес бар. Алдағы уақытымды өзім өлердей жақсы көретін мамандығым, театр саласындағы еңбекке деген қарызымды өтеуге арнасам деймін. Қолдан не келерін, шығар биігімнің тау әлде төмпешек боларын, алар асуымның межесі қай биікке жетерін әзірге білмеймін. 
Тек О-ған тәуекел еттім! БІр анығы - жүрек соны қалайды, ниет еттім. Өзіңе тура баста… Бұл 14 сәуір мен туған күндегі жазба…", - деді Қайрат Нұртастың әйелі.

 

ПРОЗА

Жаздың жайма-шуақ керемет күндері еді. Ұзын бойлы Ермек биыл сегізінші сыныпты аяқтап, жазғы демалыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бала қайшымен жүгіріп жүріп, сүрініп құлаған кезде өткір зат маңдай тұсына қадалған, деп ха...