Марқұм Асқар Забикулиннің әйелі туған күнінде жазба жариялады

Коллаж: Sn.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2357

Құтқару қызметі кезінде опат болған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің әйелі жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Әнел Забикулин 29 жасқа толған туған күнін атап өткенін айтты. 

"Бүгін 29 жасқа толдым. Күйеуім бұл өмірден өткенде 28-де еді. Енді мен одан үлкенмін… Кейде осы ой жүректі шымырлатады.

Бірақ, бәлкім, уақыт осылай өтеді. Ол бізді өмір сүруге, күшті болуға, ақылдырақ, тереңірек сезінуге үйретеді.

Кейде мен мұңаямын. Кейде күлемін. Кейде үнсіз қаламын. Бірақ әр сәтте – мен бармын. Тірімін. Шынайымын. Бүгін мен өткен әр күнім үшін алғыс айтам. Өмір сүріп жатқаным үшін, сезіне алатыным үшін,
және өмірді әлі де сүйе білетінім үшін", деп жазды марқұмның жары. 

Айта кетейік, марқұм Асқар Забикулиннің артында әйелі мен екі қызы қалған еді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте қараусыз қалған бүлдіршін терең құдыққа түсіп кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шым...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды M...