Еден жуушының шелегін тепкен директордың әйеліне қатысты тергеу басталды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
799

Ақтаудағы Tulpar School жеке лицейінде болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Кадрлардан әйелдің еден жуып жүрген қызметкердің су толы шелегін теуіп жібергенін көруге болады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Әлеуметтік желіде тез таралып кеткен видеода еден жуушының шелегін тепкен әйелдің бұл әрекеттен кейін бұрылып кетіп бара жатқаны байқалады. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, видеодағы әйел мектеп директорының жұбайы деген мәлімет бар. Сондай-ақ болған оқиғаға байланысты полицияға арыз түскені де айтылып жатыр. Маңғыстау облысының білім басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме беріп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.

Комиссия тексеріс барысында екі тараптың да түсініктемесін тыңдап, болған жағдайға құқықтық және ұйымдастырушылық тұрғыдан баға береді. Тексеру қорытындысы бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданатыны хабарланды.  

Ал Маңғыстау облысының полиция департаменті әзірге оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Ақтау қаласында орналасқан Tulpar School – жекеменшік мектеп-лицей. Оқу орны 2024 жылғы 3 маусымда заңды тұлға ретінде тіркелген. Лицейдің басшысы – Халеф Челик.

Мектеп Ақтау қаласының 31Б шағынауданында орналасқан. Мұнда 5–11-сынып оқушылары білім алады. Оқу бағдарламасында қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгеруге басымдық берілген.

Сонымен қатар лицей оқушыларды Білім-инновация лицейлеріне (БИЛ), Назарбаев зияткерлік мектептеріне (НЗМ) түсуге және Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауды көздейді. Ұл балаларға арналған жатақхана да қарастырылған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Аса ауылында жасөспірім кеуде тұсынан бірнеше рет соққы алғаннан кейін құлап, жүрег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 36 мектеп әлі де үш ауысыммен оқытады, ал 27 мектеп апатты жағдайда тұр. Оқу-ағарту мини...