Қазақстанда үш ауысымда оқу қашан тоқтайды?

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
132

Қазақстанда 36 мектеп әлі де үш ауысыммен оқытады, ал 27 мектеп апатты жағдайда тұр. Оқу-ағарту министрлігі қазіргі үш ауысымды мектептердің мәселесін 2030 жылға дейін шешуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Министрлік жоспарына сәйкес, 2026 жылы төрт мектеп үш ауысымнан шығады. 2027 жылы тағы екі үш ауысымды және он апатты мектептің мәселесін шешу көзделген.

Жұмыстың басым бөлігі 2028 жылға жоспарланған. Сол жылы 15 мектепте үш ауысыммен оқу тоқтап, тоғыз апатты мектептің мәселесі шешілуі тиіс. Ал 2029–2030 жылдары қалған 15 үш ауысымды және төрт апатты мектептің мәселесін шешу көзделген.

Жарияланған кестеде 27 апатты мектептің 23-і қамтылған. Қалған төрт мектептің мәселесі қай жылы шешілетіні көрсетілмеген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Аса ауылында жасөспірім кеуде тұсынан бірнеше рет соққы алғаннан кейін құлап, жүрег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жолаушы тасымалдаған автобус жүргізушісінің куәлігі ресми деректер базасынан табылмады, деп...