Екібастұзда кәмелетке толмаған екі жасөспірім суицид жасады

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1223

Екібастұзда кәмелетке толмаған екі жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады. Полиция аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады  MadeniPortal.kz Qazaqtoday ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Павлодар облысының Полиция департаменті қайғылы оқиғаларға қатысты тергеу басталғанын растады.

«Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», – делінген ресми хабарламада.

Әлеуметтік желідегі мәліметтерге сәйкес, екі суицид әртүрлі күні болған. Алайда ресми органдар бұл ақпаратты әзірге растаған жоқ. Тергеу мүддесіне байланысты басқа деректер жария етілмейді.