10 баланы жылдар бойы құлдықта ұстағандар табылды

Коллаж: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
185

АҚШ-та балаларды ұзақ уақыт бойы қамауда ұстаған қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алабама штатында жеті ер адамнан құралған қылмыстық топ он баланы үш жыл бойы тұтқында ұстап, оларды заңсыз әрекеттерге мәжбүрлегені анықталды. Тергеу деректеріне сәйкес, балаларға ауыр қысым көрсетіліп, олар қылмыстық мақсатта пайдаланылған.

Құқық қорғау органдары жүргізген арнайы операция барысында жеті күдікті ұсталды. Олардың арасында балаларын жертөледе азаптаған және қорлаған екі әйел де бар екені хабарланды.

Тергеу материалдарына сәйкес, күдіктілердің бірі 2 мен 15 жас аралығындағы балаларға есірткі беріп, кейін оларды қанау мақсатында пайдаланған. Сондай-ақ кей жағдайларда жәбірленушілерге қарсы заңсыз әрекеттер жасау үшін мың долларға дейін ақша төлеген тұлғалар тартылғаны айтылады.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, оқиға орны ретінде пайдаланылған жертөле күдіктілердің бірінің туысына тиесілі немесе оның үйінің маңында орналасқан болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жалғасуда. Сот отырысы 22 маусымға жоспарланған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-та қазақстандық із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Stan.kz сайтына сілтеп....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытай көшелерінде алақан жайып ақша сұраған роботтар пайда болды. Желіде қайыр тілеп тұрған андроидт...