Белгілі актер, әзілкеш Уәлибек Әбдірайымов жастық шағында Арыстан баб кесенесіне жиі барғанын айтып,...
Екібастұзда жүк көлігі әйелді кішкентай баласымен қоса қағып кетті
Фото: Видеодан кадр
930
24 мамыр күні Екібастұз қаласында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйел мен баланы көруге болады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бір сәтте оларды артқы жағынан келе жатқан жүк көлігі қағып кеткен.
Оқиға салдарынан әйел ауыр жарақат алып, жедел түрде жансақтау бөліміне жеткізілген. Кейін жағдайы тұрақтанған соң 25 мамыр күні травматология бөліміне ауыстырылды.
Дәрігерлердің мәліметінше, қазіргі уақытта науқастың жағдайы бірқалыпты. Оған қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.
Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтауда.