Жаратушы құдірет, Сенің бар екендігіне шүбә келтірмеймін. Барсың! Жүрек түкпірінде... сана...
Туризм және спорт министрі Францияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канесспен кездесті, – деп хабарлайды madeniportal.kz.
Кездесу барысында екі елдің өкілдері алдағы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру, өткізу барысын талқылады. Сондай-ақ елші министрге Олимпиаданың бойтұмарын табыстады.
Париж Олимпиада ойындарына 148 күн қалды.
Бүгінгі таңда бізде спорттың 8 түрі бойынша 19 лицензия бар. Бірақ біз лицензияларды әлі де алатынымызға сенімдімін. Боксшыларға келер болсақ, өкінішке қарай, тек екі лицензия алдық әзірге. Сондықтан турнирлердің басты міндеті – лицензияларды көбейту. Орта есеппен 70-80 лицензия алуды жоспарлап отырмыз", - деді министр.
Министр Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық дайындық базасында екі ел спортшылары арасында бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізуге ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ министр франциялық делегацияны және спортшыларын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесінен 11 тамызына дейін Парижде өтеді.