Францияда әкесі 9 жастағы ұлын бір жылдан астам уақыт фургонда ұстаған

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
874

Францияда полиция әкесі бір жылдан астам уақыт фургонда ұстаған 9 жастағы баланы құтқарды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, күмәнді жағдайға отбасының көршісі назар аударған. Ол аулада тұрған фургоннан оғаш дыбыстарды естіп, полиция шақыруды жөн көрген.

«Оқиға орнына келген қызметкерлер фургон ішінен баланы тапты. Бала өте ауыр жағдайда болған және әбден әлсіреген. Оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізіп, қажетті медициналық көмек көрсетілуде», — делінген хабарламада.

Кейін бала фургонда 2024 жылдың желтоқсан айынан бері болғанын айтқан.

43 жастағы әке өз әрекетін баласын бір әйелден «жасыруға» тырысқанымен түсіндірген. Оның айтуынша, әлгі әйел баланы психиатриялық мекемеге жібермек болған.

Қазір болған оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ведомствоның мәліметінше, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда әлемге әйгілі актер Джеки Чан мен ресейлік танымал рэпер MiyaGI-дің кездесуі желіде қызу тал...