Жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сурет: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
973

Президент қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

«Бүгін сіздер еліміздің өміріне орасан зор ықпал ететін шын мәніндегі тарихи оқиғаның куәсі болдыңыздар. Мен мемлекет басшысы ретінде бүкіл халқымыздың атынан Қазақстанның Негізгі заңына қол қойдым», – деді президент.

Сондай-ақ Конституцияны іске асыру шаралары туралы Жарлыққа қол қойылды.

«1 шілдеде Халық Конституциясы ресми түрде күшіне енеді. Ал Конституция күнін біз жыл сайын 15 наурызда мемлекеттік мереке ретінде жалпыхалықтық деңгейде атап өтетін боламыз. Барша отандастарымды Негізгі заңның қабылдануымен шын жүректен құттықтаймын!» – деп қосты мемлекет басшысы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

77 адамның өмірін қиған қос терактіден кейін шамамен 15 жыл өтсе де, Андерс Брейвик (қазіргі есімі &...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын, прозаик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Артемьева Римма Альбертовна 66 жасқа қараған шағы...