“Экс-полицей”: 92 адамды өлтіріп, жылдар бойы ізін жасырған қандықол маньяк қолға түсті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1837

Бұрынғы полиция қызметкері Михаил Попков тағы екі кісі өлтіргенін мойындады. Ол 2008 жылы Ангарскідегі зауытта екі қызды тұншықтырып өлтірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл оқиға 2008 жылы ангар электромеханикалық зауытының жанында болған. Содан кейін олардың денелері М-53 трассасының жанындағы орманнан табылды. Бірақ оларды кім өлтіргенін анықтау мүмкін болмады.

Арада жылдар өтіп, ол қылмысты Попков жасағаны анықталды. Ол көлігімен әйелдерге жақындап, оларға қырыңдаған.  Бірақ әңгіме ойдағыдай болмай, ол екеуін де өлтіреді. Ол сотта өзінің кінәсін растады.

Попковтың бұрынғы қылмыстарының бәрі ашылуда. Ол 14 жыл бұрын Ангарскідегі су сорғы станциясының жанында Татьяна есімді әйелді балталап өлтірген.

Тергеушілердің айтуынша, Попков өмір бойына бас бостандығынан айырылатын болғандықтан, бүкіл қылмысын өзі айтып беріп жатқан көрінеді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...