ШҚО-да кәріз құдығына түскен 3 жұмысшы уланып қалды

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
647

ШҚО-да кәріз құдығына уланып қалған 3 жұмысшы құтқарылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауылында кәріз құдығында жұмыс жүргізу кезінде 3 жұмысшы уланып қалған.

Олардың бірі өздігінен сыртқа шығып, құтқарушыларды шақырған.

Оқиға орнына жеткен мамандар құдықта қалған екі адамды сыртқа алып шықты.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар құдық ішінде жиналған улы газдан улануы мүмкін. Тиісті мамандар оқиға орнында жұмыс жүргізуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...