«Ел үмітін арқалаған азамат еді»: Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздың кім екені белгілі болды

әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
970

Маңғыстау облысында әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан мерзімді әскери қызметшілердің бірі – Жеңіс Тілеуішұлы Темиргалиев туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бөрлі ауданы әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Жеңіс Темиргалиев Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының тумасы болған. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген.

Жергілікті билік өкілдері сарбаздың қазасына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

«Жеңіс Тілеуішұлы ел алдындағы азаматтық парызын өтеуге аттанып, Отан қорғау жолында қаза тапты. Оның қазасы – ата-анасы мен туған-туыстарына ғана емес, бүкіл ауыл-аймағына, барша жерлестеріне ауыр соққы, орны толмас қайғы», – делінген көңіл айту хабарламасында.

Сондай-ақ Жеңіс Темиргалиевті танығандардың жадында оның жарқын бейнесі, адамдық болмысы мен елге деген сүйіспеншілігі сақталатыны айтылған.

Бөрлі ауданының әкімдігі, аудандық мәслихат депутаттары мен ардагерлер ұйымдары марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтып, «Жеңіс Тілеуішұлының иманы саламат, жаны жәннатта болсын» деп жазды.

Жеңіс Темиргалиев – Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан қаза тапқан әскери қызметшілердің бірі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтар үшін баспана сатып алуды қолжетімді ету мақсатында ба...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған емші Бағдагүлге әлеуметтік желіде жауап берді, деп...