Елдің сынына қалған Рүстем Жүгінісов халыққа жауап қайтарды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1309

Танымал әнші Рүстем Жүгінісов соңғы дау болған жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Әнші барлық әйелдер қауымынан кешірім сұрады.

«Қайырлы күн! Соңғы күндері тарап жатқан менің жазбаларыма байланысты түсініктеме бергім келеді

Бірінші сторисымда айтқанымдай, бұл жағдайда толықтай ер азаматтың жасағаны ҚАТЕ. Бұл-айқын. Дінімізде де «бір күндік неке» деген түсінік жоқ екенін нақты тағы айтқым келеді

Ал, екінші сториста, өкінішке қарай, өз ойымды дұрыс жеткізе алмадым. Ойлана келе, сол сәттегі эмоцияның әсерімен кей сөздерімде қаттылыққа жол беріп, ойымды дұрыс жеткізе алмағанымды түсіндім. Бұл менің тарапымнан кеткен үлкен қателік екенін мойындаймын

Біз зайырлы елде тұрамыз, әр адамның өз таңдауы бар. Ешкімді белгілі бір көзқарасты ұстан деп мәжбүрлеу ойымда болған емес. Мен әр адамның шешімін сыйлаймын және құрметтеймін

Негізінде бұл мәселені қозғағанда, ең алдымен қауіпсіздік жағын ойлаған едім. Ия, мен де қыз бағып отырған әкемін. Мен де қыздарымды уайымдаймын. Кеш бата көшеде түрлі қауіп төндіретін ер азаматтар, яғни мас күйдегі адамдар, есірткі әсеріндегі немесе психикалық жағдайы тұрақсыз азаматтар кездесуі мүмкін. Мен тек сол қауіптерден қорғаштап, қарындастарымды уайымдағандықтан, эмоциямен айтып қойдым. Ия, жеткізу формасынан қателік кеткені рас. Бірақ, менің ниетім ешқашан ару жандарды кінәлау болмаған

Мен қыз-келіншектерді әрқашан қолдаймын. Себебі, олар біздің қоғамның негізі мен тірегі. Зорлық-зомбылық, алдау, пайдаланушылық, мұның бәріне әйел емес, ер адамдардың кінәсі бар екені толықтай РАС! Сондықтан ең алдымен, өзгеріс те, жауапкершілік те ер азаматтардан басталуы қажет. Бұл жағдай мен үшін үлкен сабақ болды. Айтылған әр пікірді қабылдап жатырмын. Қарындастарым, әпкелерім сіздерді ренжітіп алсам, шын жүректен кешірім сұраймын!», - деді Рүстем Жүгінісов.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...