Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды

Фото: Olimpic.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
580

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды. Нью-Йоркте өткен финалда ол Беларусь өкілі, былтырғы жарыстың чемпионы Арина Соболенконы жеңді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тартысты кездесу үш сетке созылып, 6:4, 5:7, 6:2 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.

Осылайша қазақстандық спортшы биылғы маусымдағы екінші, ал кәсіби мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулын жеңіп алды.

Елена Рыбакинаның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі жеңістері:

Уимблдон — 2022

Australian Open — 2026

US Open — 2026

Сонымен қатар рейтинг жаңарғаннан кейін Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады.

Бұл — Қазақстан теннисі тарихындағы тарихи жетістіктердің бірі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

31 қазан мен 2 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде өзін өртеді делінген ер адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. “30 қазанда...