Украинадағы басшысы соғыс 2025 жылы аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz...
Журналист өзіне Атыраулық отбасының мәселесін көтергені үшін қоқан-лоққы жасалғанын айтты
Фото: ашық дереккөзден
Атыраулық отбасының ісін жария түрде көтерген жергілікті журналист Жанат Молдашова өзіне белгісіз адамдар тарапынан қоқан-лоққы жасалғанын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Alashorda.kz-ке сілтеме жасап.
Журналистің сөзінше, ол Қызылқоға ауданына барған кезде мұндай жағдайға тап боламын деп күтпеген.
"Мен ауылға барғанда мұндай сұмдыққа тап боламын деп ойламадым. Өзім ауылда өскен адаммын ғой. Оның үстіне Қызылқоға ауданы – Атырау облысындағы ең қаймағы бұзылмаған, қазақы ауылдардың бірі. Ондай жерден мұндай жауыздықты көремін деп мүлде күтпедім.
Мен кез келген жағдайды алдымен өз бойымнан өткіземін. Бұл жағдайды да ішіме сақтап жүрдім. Алайда дәл сол күні екі үлкен кісінің денесінің өз сарайынан табылғаны маған өте ауыр тиді. Біз қалаға әрең жеттік, жанымыз қатты ауырды.
Сол кездері түн ішінде бейтаныс адамдар қорқытып телефон соқты. Одан кейін маған түрлі жазбалар келе бастады. "Сен ойнайтын ойыншық емес, ойыннан шығып кет" деген мазмұнда хабарламалар болды.
Менің қызметімде әлсіздікке берілуге болмайды. Журналист болғаннан кейін қылмыстың да, өзге де оқиғалардың бел ортасында жүреміз. Дегенмен бұл жағдай маған өте ауыр тиді", – дейді журналист.