Қасым Жомарт Тоқаев бір топ жазушыларға Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер сал...
Елге танымал өнер адамы көз жұмды
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
Белгілі суретші, аниматор әрі ұстаз Алтынбек Өмірзақов дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өнер иесі қазақ мультипликациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаровтың алғашқы шәкірттерінің бірі болған. Ол ғұмырын анимацияға арнап, отандық мультфильм өнерінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты.
Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” ұлттық киностудиясы мен “Қазақанимация” шығармашылық бірлестігі марқұмның туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне көңіл айтты.
Алтынбек Өмірзақов шығармашылықпен қатар ұстаздық қызметті де қатар алып жүрді. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде ұзақ жыл сабақ беріп, болашақ аниматорларға кәсіби білім мен тәжірибесін үйретті.
Ол ұлттық анимациядағы шығармашылық дәстүрлерді сақтауға, оны кейінгі буынға жеткізуге ерекше мән берген.
“Қазақфильм” мен “Қазақанимация” өкілдері суретшінің шығармашылық мұрасы мен шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі қазақ анимациясының тарихында сақталатынын атап өтті.