Су тасқынында көмектескен иттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: TikTok/pshon_2024

ЖАҢАЛЫҚТАР
1812

Атырау облысы Сарытоғай ауылында су тасқыны кезінде тұрғындарға көмектескен Пшөн есімді иттің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды madeniportal.kz Halyq Uniтілшісіне сілтеме жасап.

Облыс полициясының мәлімдеуінше, Қылмыстық кодекстің 316-бабы («Жануарларға қатыгездік көрсету») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін итті ветеринария станциясы қызметкерлері атып өлтіргенін облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлаған еді.

Басқарманың мәлімдеуінше, 28 қарашада Махамбет аудандық ветеринариялық станцияның ветеринарына тұрғындардың бірі ауласында бөтен үш иттің қараусыз жүргендігін және үйіне кіре алмай тұрғанын хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен мамандар иттерге ұйықтатын оқ (дротик) атқан. Екі ит ұйықтатылып, үшіншісі өзенге қарай қашып, белгісіз жағдайда өліп қалған.

Аудандық прокуратура мен полиция қызметкерлері ветеринариялық станция мамандарының әрекетінің заңдылығын тексеріп жатыр. Нәтижесі белгілі болған соң, тиісті шаралар қабылданады, – деп жазды басқарма. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...