Елімізде бір емес, екі өңірде дәрігерлер шабуылға тап болды

Фото: Racool_studio / freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1859

Елімізде бір емес, екі өңірде дәрігерлер шабуылға тап болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қостанай облысында 34 жастағы науқастың соққысынан кейін дәрігер реанимацияға түсті. Жағдайы ауыр, дейді облыстық аурухана қызметкерлері. 

Полиция тергеу бастады. 

Қарағанды облысында маммологиялық орталықтың медбикесі зардап шекті.

Полиция мәліметінше, 42 жастағы ер адам емханаға әйелімен бірге келген. Кейін белгісіз себеппен қызметтік бөлменің есігін бұзып кіріп, медицина қызметкерін ұрған. Күдікті жүйке-психиатриялық орталыққа жеткізілді. 

Қылмыстық іс қозғалды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтау қаласында төрт баланың анасы күйеуінің соққыға жығып, қолын сындырғанын айтып, көмек сұраған,...

АЙМАҚТАР

Ар-ождан бостандығы ата Заңымызбен кепілдік берілген ажырамас құқық. Алайда бұл қасиетті ұғымды кейб...