Шиеліде 2 рет істі болған азамат үй иесі мен анасын жарақаттап, кейін бағалы заттарын ұрлап кеткен

Фото: Әсет Құндақбаев

ЖАҢАЛЫҚТАР
2350

Қызылорда облысында ауыр қылмысы үшін екі рет сотталған ер адам тағы да қылмыс жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Шиелі аудандық сотында қарақшылық жасаған азаматтың ісі қаралды. Ол жәбірленушінің үйіне ұрланып кіріп, жатын бөлмеде ұйықтап жатқан жәбірленушіні жастықпен тұншықтырып, пышақпен бірнеше рет жарақат салған. 

Жәбірленушінің айқайлаған дауысын естіген анасы жатын бөлмесіне кірген. Осы кезде сотталушы оның денсаулығына ауыр зиян келтіру арқылы қарақшылық  шабуылын жасап, пышақпен кеуде тұсына бірнеше мәрте пышақ жарақаттарын салып, ұрып-соққан. Кейін үйдегі барлық алтын мен ақшаны қолды қылған. 

Шиелі аудандық сотының үкімімен сотталушы Н. 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...