Еліміздің туын теріс ілгендер жауапқа тартылды

Фото: azh.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1512

Атырау облысының орталығында көк туымыз теріс ілінген, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Облыс орталығындағы басты тұғырға еліміздің байрағы теріс ілініпті. Оның фотосы қала жұртының мессенджерлерінде тарапты. Атыраулықтар мұны мемлекеттік рәміздерге деген немқұрайлық деп, ашу шақырып отыр.

"Бұл әншейін мата емес, бұл еліміздің символы. Мұндай нәрселерді назардан тыс қалдыруға болмайды", - дейді тұрғындар.

Көрген адамдардың айтуынша, байрақ осылай теріс ілінген күйі бірнеше сағат тұрып, кейін түзетілген. Оқиға бойынша мердігер компания әкімшілік жазаға тартылды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облыстық балалар ауруханасына тоғыз айлық сәби ауыр жағдайда жеткізілді, деп хабарлайды Ma...

Әлем

Өзбекстанның Наманган облысында мемлекеттік балабақшада 5 жастағы қызға жыныстық зорлық жасалды деге...