Жақсылық Омарға алты жыл түрме жазасы қаупі төніп тұр

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
515

Өскемен қалалық сотында ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты іс бойынша жарыссөздер өтіп жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оған алаяқтық және ірі мөлшерде пара алды деген айыптар тағылған. Сотта сөз сөйлеген айыпталушы өкініш білдіріп, өзі үшін ең маңыздысы – отбасысы мен жеті баласы екенін атап өтті. Ол келтірілген залалды өтегенін еске салып, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Өз кезегінде прокурор алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын талап етуде. Сот шешімі 3 сәуірде жарияланады.

Еске салайық, Омар ақпан айында ұсталған, тергеуді ҰҚК жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген. Оған Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылып отыр. Біріншісі – алаяқтық (190-бап, 3-бөлім), яғни алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы мүлікті жымқыру немесе оған құқық алу. Екінші бап – ірі мөлшерде пара алу (366-бап, 3-бөлім). Бұл қызметтік жағдайды пайдалану арқылы жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыс болып табылады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда Каспий теңізінің жағалауынан тағы да қырылған итбалықтар табылған. Экологтар су сынамаларын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды...