Елорда төрінде Ескендір Хасанғалиевті еске алу концерті өтті

Жаңалықтар
2019

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің қолдауымен Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Үрлемелі оркестрдің XXI концерттік маусымының ашылуына орай, Халық әртісі, әнші-композитор - Ескендір Хасанғалиевті еске алуға арналған «Сағындым сені» атты концерті өтті. Үрлемелі оркестрдің көркемдік жетекшісі – Никита Почиталин, бас дирижёрі – Дархан Рахымғалиев.

Концерттің мақсаты өмірін өнерге арнап, халық жүрегіне тереңінен бойлап, ұмытылмас есті әндерді дүниеге әкелген  әнші-композитор мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан КСР халық артисі - Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиевті еске ала отырып, әндерін  көрермендерге ұсыну.

Аяулы жары - Дарико Хасанғалиева мен ұлы Біржан Хасанғалиев келіп кештің құрметті қонақтары болды. Кеш барысында Ұлттық арнаға берген сұхбатында композитордың ізін жалғастырушы ұлы Біржан Хасаанғалиев әкесінің музыка мұрасын жалғастыру мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылып жатқанын, шығармашылық кештермен концерттердің жоспарда бар екенін атап өтті. Ал елу жыл қасында жүріп, өнеріне шабыт берген аяулы жары - Дарико ханым өнерін  құрметтеп келген барша халыққа және осы концертті ұйымдастырушыларға ерекше алғысын білдірді. Артында осындай өнерін бағалаған халқы тұрғанда біртуар композитордың аты өлмейтінін атап өтті. Концертте Үрлемелі оркестрмен бірге ҚР еңбек сіңірген әртісі – Майра Ильясова, Қазақстанның Еңбек Сіңірген Қайраткерлері – Светлана Айтбаева, Нұрлан Өнербаев, Сүндет Байғожин, Алтынай Жорабаева, Маржан Арапбаева, Арайлым Рахымқызы, Халықаралық байқаулардың лауреаттары - Айдын Жұмабаев, Нұрбол Балапанов, Айгерім Ораз, Парасат Отан, Талғат Аллабиринов, Ақбота Кұснадин, Әкімхан Маженов, Мұратбек Хайролда, Нұрбол Балапанов, Бақдәулет Джакупов, Аружан Қойшықара және «ALEM» эстрадалық би ансамблі, Ұлттық гвардияның «Құрмет» қарауыл ротасы өнер көрсетіп, көрермендерге керемет кеш сыйлады.

Еске салайық, 30 сәуірде атақты әнші және композитор Ескендір Хасанғалиев 82 жасына қараған шағында қайтыс болды. Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған. Лирикалық баритон 1959 жылы Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хорлық фaкультетiн Е. Виногрaдов пен Н. Шaриповaның клaсы бойыншa курсты, 1978 жылы Әль-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бітірді. Өмірін өнерге арнаған Хасанғалиевтің «Атамекен», «Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Ескірмеген махаббат» әндерін білмейтін қазақ жоқ.

Композитор халқымыздың ән өнеріне зор үлесін қосты. Оның репертуарындағы авторлық туындылары көпшіліктің оң бағасын алған. Осы уақытқа дейін қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының өлеңдеріне көптеген ән жазды. Сонымен қатар 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармаларды ұсынды.  Қазақ халқының Ескендір Хасанғалиевке деген құрмет-қошеметі қашанда ерек болып қала бермек.

Іс-шара барлық санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өтті.

madeniportal.kz

author

​Ескендiр Хaсaнғaлиев

КОМПОЗИТОР

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...