Жоғары жауынгерлік әзірлік: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарды ескертті

Фото: Турар Казангапов

ЖАҢАЛЫҚТАР
1697

Жаңа жауынгерлік оқу кезеңінің басталуына байланысты барлық әскери басқару органдары, Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелері жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтірілетін болады, деп хабарлайды madeniportal.kz Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Желтоқсан айының басында армия бөлімшелері полигондар мен оқу-жаттығу орталықтарына марш жасау үшін дабыл бойынша көтеріледі. Жеке құрам мен әскери техниканы кешенді тактикалық-саптық сабақтар мен жаттығулар өтетін орынға жөнелту жүзеге асырылатын болады.

"Қауіпсіздік мақсатында өңірлердегі жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін екенін хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтардан және БАҚ өкілдерінен жалған хабарламалар таратпауды және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз", - делінген хабарламада. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...