Елордада «Атамекен» XX маусымының жабылу концерті өтті

ЖАҢАЛЫҚТАР
3286

«Астана» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясы Үрлемелі оркестрінің «Атамекен» атты XX маусымның жабылу концерті өтті.

Маусымның жабылу концертінде Үрлемелі оркестрдің бас дирижеры – Вероника Дударова атындағы Бүкілресейлік оркестрлік дирижерлар байқауының I дәрежелі лауреаты Дархан РАХЫМҒАЛИЕВ, көркемдік жетекшісі – Никита ПОЧИТАЛИН және  дирижер - Алексей ТЕРЕЩЕНКО көрерменге ерекше кеш сыйлай білді.  

Концерттің мақсаты музыкалық  тембрлік палитраның сан  алуандығы тыңдарманға ерекше сезім сыйлап, Үрлемелі оркестрге әртүрлі стиль мен жанрдағы шығармаларды орындауға мүмкіндік беріп, ерекше музыкалық күш сыйлады.

Сонымен қатар кеште  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері - Еділ Құсайынов, Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, Халықаралық байқаулардың лауреаттары - Бибігүл Тыныштық, Ақбота Құснадин, Сәулежан Тақзия, Гуляв Лебедева, Дарын Құдайбергенов, «ALEM» эстрадалық би ансамблі мен Камералық хор өнер көрсетті.

Жиналған халық қазақ музыка өнерінің інжу-маржандарымен классикалық өнер туындылары ұштасқан керемет кештің куәсі болды.

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...