Құтқарушылар өрт кезінде 67 адамды құтқарды және эвакуациялады, деп хабарлады madeniportal.kz.25 қыр...
Меценаттар әнші Рухия Байдүкеноваға су жаңа көлік сыйлады
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халықаралық «Витебсктегі славян базары» көркемөнерпаздар фестивалінің жеңімпазы Рухия Байдүкенованы қабылдады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Одан кейін Рухия Байдүкенова жерлестерімен кездесті. Талдықорған қаласының меценаттары мен кәсіпкерлері оған «Hyundai» маркалы автокөлік сыйға тартты. Сондай-ақ, Рухияның ұстазы Серікжамал Әжібекова мен қолдаушысы Қымбат Досжанға 1 млн теңгенің сертификатын табыстады. Талдықорғандықтар талантты жастың өнеріне деген сүйіспеншілігін осылайша білдірді. Талдықорғандық кәсіпкерлер мен меценаттар атынан Ақшабай Керімбеков сөз алып, тілегін білдірді.
«Барлық талдықорғандық сенімен мақтанады. Сенің талантың әлемдік деңгейде мойындалды. Бұл жерде ұстаздарыңның да еңбегін атап өткен жөн. Енді сені барлығы таниды. Бұл жеңістеріңнің бастамасы ғана деп білеміз. Алда бұдан да биік шыңдарды бағындыратыныңа сенеміз», - дей келе, көліктің кілтін табыстады.
Еске сала кетсек, Рухия Байдүкенова вокалмен 9 жасынан бері айналысып келеді. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер мектебінің «Эстрадалық вокал» мамандығының білімгері. Көптеген ән конкурстарының лауреаты. Рухияның дауыс диапазоны - бес октава.