Елордада "танымал кәсіпкер" төрт адамды 270 млн теңге қарызға отырғызып кетті

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1293

Өзін ауқатты кәсіпкер ретінде көрсетіп, төрт адамды іскерлік ынтымақтастық мақсатында автонесие алуға көндірген елорда тұрғыны сотталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ол несиеге алынған көліктерді Ресейге сатып, пайда тапқан.

Прокуратура мәліметінше, ол несиені өзі төлейтінін айтып, көліктерді бизнесте пайдалануға уәде берген, бірақ көп ұзамай көліктерді Ресей Федерациясына тасымалдап, сатып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Ал жәбірленушілер банк алдында қарыздар болып қалды. Келтірілген шығын көлемі 270 млн теңгеден асты.

Сот елорда тұрғынын кінәлі деп тауып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Елорда прокуратурасы бөтеннің мүлкін ұрлау, алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкіне құқық алған адам заң бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын еске салды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...