Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытуда орыс тілінің...
Ақбаян Мұқанғалиева туралы жағымды хабар тарады
Фото: ЖИ
474
Ақбаян Мұқанғалиева ем қабылдау үшін Алматы қаласына келді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қай емдеу мекемесіне жүгінгені және емнің қанша уақытқа созылатыны әзірге нақтыланбаған.
Бұған дейін жақындары Ақбаянды Алматыға немесе Астанаға апарып, білікті мамандарға көрсетуді жоспарлап жүргенін айтқан. Туыстары оның емін жалғастыруға қолдау қажет екенін де жеткізген еді.
Ақбаян бұған дейінгі сұхбатында психологқа аптасына екі рет барып жүргенін айтқан. Ол денсаулығын қалпына келтіріп, бес баласын қайтадан өз қамқорлығына алғысы келетінін жеткізген. Қазір оған жақындары қолдау көрсетіп келеді.