Еңбек министрлігі жеткіліктілік шектерінің көтерілуіне қатысты түсініктеме берді

Фото: Gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
431

Еңбек министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шектерінің неге көтерілгенін түсіндіріп, бұл шешімнің болашақтағы зейнетақы төлемдерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ведомствоның мәліметінше, зейнетақы — қарапайым депозит те, күнделікті шығындарға арналған ақша көзі де емес. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) қаражат қартайған шақта тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету үшін қажет. 

«Министрлік ұстанатын негізгі қағида — зейнетақы жинақтары ең алдымен азаматтардың болашақ зейнетақысына қызмет етуі тиіс. Бүгін жинақтарды мерзімінен бұрын алу ертеңгі зейнетақы төлемдерінің көлемін едәуір азайтуы мүмкін», — деп мәлімдеді Еңбек министрлігі.

Сондай-ақ министрлікте жеткіліктілік шектері соңғы үш жыл бойы қайта қаралмағанын атап өтті. Ведомствоның пікірінше, оларды өзгерту зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін қажет болған.

Алайда әлеуметтік желілерде бұл жаңалықты оң қабылдаған қазақстандықтарды табу қиын болып отыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

10 шілде күні Астанада Әділет партиясының III кезектен тыс съезі өтті. Съезге еліміздің түкпір-түкпі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы оқиға 2026 жылдың наурыз айында Астана маңындағы Жібек жолы ауылында болған, деп хабарлайды...