Жағдайы ауыр нәресте Пхукеттен Алматыға әкелінді

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
124

Таиландтың Phuket аралынан Almaty қаласына 2 айлық нәресте шұғыл рейспен жеткізілді. Сәбидің жағдайы ауыр болған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

«Науқастың ауыр жағдайына, тұрақты түрде оттегімен қамтамасыз ету қажеттілігіне және жасанды өкпе желдету аппаратына қосылғанына байланысты тасымалдау кювезін пайдалана отырып, арнайы медициналық эвакуация жүргізу туралы шешім қабылданды. Тасымалдауды Шұғыл медицинаның ұлттық үйлестіру орталығының медициналық авиациясының мобильді бригадасы жүзеге асырды. Бригада құрамында дәрігер Жасұлан Жұмғұлов, фельдшер Болат Шәріпов және неонатология департаментінің басшысы Асхат Қуанышбаев болды», — делінген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.

Нәресте әрі қарай ем алу үшін бірден Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мекемесіне жатқызылды.

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі медициналық эвакуация жүргізу кезінде жеделдігі, кәсібилігі және үйлесімді жұмысы үшін медициналық авиация мамандарына алғыс білдіреді», — деп қосты ведомство өкілдері.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәжілістің депутаты Темір Қырықбаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат мини...

Без категории

Әу баста тозаңнан да кіші материя бір мезетте жарылып, бүкіл дүние пайда бола салғаны, миллиметрде...