Еңбек нарығында сұранысы жоқ мамандықтар қысқартылады

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
173

Қазақстанда еңбек нарығында сұранысы жоқ мамандықтар мен білім беру бағдарламаларын қысқарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру мазмұны еңбек нарығындағы өзгерістерге қарай қайта қаралуда.

Бүгінде 552 кәсіптік стандарт негізінде 14 494 білім беру бағдарламасы әзірленген. Оның 4 348-і жұмысшы біліктіліктері бойынша іске асырылып отыр.

Сонымен қатар сұранысқа ие емес бағыттарды жүйеден шығару жоспарланған. Атап айтқанда, 32 мамандықты, оның ішінде 41 жұмысшы біліктілігін алып тастау қарастырылуда.

Бұған дейін еңбек нарығының талаптарына сәйкес келмейтін 66 білім беру бағдарламасы тізілімнен шығарылған.

Олардың орнына экономика мен технологиялық өзгерістерге байланысты пайда болған жаңа бағыттар енгізіліп жатыр. Сыныптауыш 20 жаңа мамандықпен толықтырылып, осы бағыттар бойынша 243 білім беру бағдарламасы әзірленген.

Колледж студенттерінің қосымша құзыреттерін кеңейту үшін микробіліктіліктер мен Minor бағдарламаларын енгізу де жоспарланған.

Сонымен қатар жұмысшы біліктіліктері бойынша білім беру бағдарламаларына жасанды интеллект құралдарын кәсіби қызметте пайдалану дағдылары енгізілуде.

Білім беру бағдарламаларының тізілімі Career Enbek ұлттық біліктілік жүйесінің платформасымен интеграцияланған. Бұл оқу бағдарламаларының мазмұнын кәсіптік стандарттармен байланыстыруға мүмкіндік береді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада кішкентай марғауға қатыгездік көрсетілген сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқы...

СПОРТ

Қазақстан бокс федерациясы Жапонияда өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізім...