Қасым-Жомарт Тоқаев қараша айында Ресейге барады

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1457

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Ақорда жазды.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы қараша айында Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындықтың кейбір аспектілері қарастырылды.