Түркістан облысында 12 адамның, оның ішінде 9 баланың өмірін қиған жантүршігерлік өртке байланысты П...
Меркіде көз жұмған келіншектің баласы кімге қалады?
Фото: әлеуметтік жел
461
Меркіде көз жұмған 19 жастағы Мадина өлер алдын ажырасуға арыз жазып кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы журналист Жан Ахмадиев айтты. Енді жәбірленушілердің құқық қорғаушылары марқұмның күйеуі Мадиярдан күдіктенеді. Себебі, өзіне қол жұмсайтын адам ажырасуға өтініш бермейтін еді деп санайды. Сонымен қатар, 8 айлық нәрестенің жағдайы да назардан тыс емес.
“Мадинаның артында кішкентай баласы қалды. Біздің мақсатымыз — істің ақиқаты анықталып, Мадиярдың әрекетіне заң аясында толық құқықтық баға берілуіне қол жеткізу. Сонымен қатар, баланы әжесінің қамқорлығына беру үшін барлық заңдық мүмкіндікті пайдаланамыз”, - деді журналист.