Тараздағы Төле би даңғылына Назарбаев атауы берілді

ЖАҢАЛЫҚТАР
6396

Тараз қаласындағы Төле би даңғылына ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Бұл жөнінде облыстық мәслихаттың бүгінгі кезектен тыс 33-сессиясында мәлім болды. 

Тараздағы ірі даңғылдардың бірі болып табылатын Төле би даңғылы Назарбаев деп атауын өзгертті. Сонымен қатар, Тараз қалалық әкімдік пен мәслихат тарапынан жасалған ұсынысқа сәйкес, ендігі ретте Ташкент көшесі Төле би деп аталатын болады.

Айта кету керек, Төле би даңғылының бойында ҚР Тұңғыш Президентінің саябағы, Мәңгілік ел монументі секілді бірқатар нысан бар. Оның ұзындығы 6 шақырымнан асады.

baq.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысының Бобровка ауылында тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан әйел мен кәмелетке толм...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Филиппиннің Исабела провинциясында жарылыстан төрт адам, оның ішінде үш бала қаза тапқан. Тағы төрт...