Алматыдағы "Атакент" аумағы жаңартылады

Фото: recommend.ru

ЖАҢАЛЫҚТАР
87

Бұл туралы мегаполис басшысы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Биыл Атакент іскерлік ынтымақтастық орталығының аумағында жаңғырту жұмыстары басталады. Оның аясында асфальт жабындысы мен тас төсеніштерді ауыстыру, автоматты суару жүйесін орнату, жарықтандыру мен көше жиһаздарын жаңарту бар", – деді ол.

"Оңтүстік" саябағына жаяу жүргіншілер жолы төселіп, Нұр-Алатау шағын ауданындағы скверде көркейту жұмыстары жүргізіледі.

"2024 жылы үш серуен аймағын көркейту жұмыстары аяқталды. Атап айтар болсақ, Абай даңғылының Тұрғыт Озал көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі бөлігі, Желтоқсан көшесінің Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесі арасындағы учаскесі және Абай мен Гагарин даңғылдарының қиылысындағы сквер. Бұл жобалар аясында жаңа балалар және спорт алаңдары, көше жиһаздары, демалыс орындары орнатылып, жарықтандыру жүйесі жаңғыртылды, сондай-ақ жасыл желек отырғызылды. Сонымен қатар, былтыр Гагарин даңғылы бойындағы бульвардағы құрылыс аяқталды, ал биыл сәуір айында оның көгалдандыру жұмыстары бітеді", – деді қала басшысы. 

PESTEL

Кремль АҚШ-тың Украинамен 30 күндік бітімгершілігі еш нәтиже бермейтінін айтты, деп хабарлайды ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеті жастағы қазақстандық қыз TikTok-тан қорқынышты видео көріп, ақыл-есін жоғалтып алған, деп хаб...