Енді молдалар арнайы жалақы алады

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1524

Қырғызстан президенті Жапаров молдаларға жалақы тағайындайды, деп хабарлайды madeniportal.kz Kursiv.kz-ке сілтепе жасап.

Елде 2025 жылдың наурызынан бастап мешіттегі діни қызметкерлерге қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы төленеді.

Бастапқыда жалақы 8 мың сом (48 мың теңге) болса, жыл соңына дейін 20 мың сом (120 мың теңге) болады деп жоспарланған.

Қайырымдылық қорына арнайы шот ашып, оған төлем жасау үшін мешіттерде арнайы QR-жәшіктері орнатылады. Бұл жәшіктерді орнатуды мемлекет өз мойнына алмақ.

«Молдалар басқа ағымдарға кеткендерді тәрбиелеп, дұрыс жолға бағыттайды. Ханафи масхабына қайтарады. Бөлінген барлық ағым тәртіпке келеді. Біз бір халықпыз, бірақ 15-20 ағымға бөліндік. Бұл қауіпті», – деді Жапаров.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сочидегі Бонди-Бич жағажайында болған атыс салдарынан 12 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды. Оқиғ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...