Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
135

Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынған еді.

Айта кетейік, Ерлан Қошанов 2022 жылдан 2026 жылға дейін Мәжіліс төрағасы қызметін атқарды. 

Ерлан Жақанұлы Қошанов – еңбек жолын өндірістен бастап, Парламентте, Үкіметте, Президент Әкімшілігінде және өңір басшылығында бірқатар жоғары лауазым атқарған. Негізгі атқарған қызметтері: 

  • 1984 жылдан – Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасында слесарь, кейін шебер;
  • 1988–1990 – Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық комитетінде түрлі қызметтер;
  • 1990–1995 – Жезқазған облыстық сыртқы экономикалық байланыстар комитетінде жетекші маманнан комитет төрағасына дейін;
  • 1995–1999 – ҚР Парламенті Сенатының депутаты;
  • 1999–2001 – Үкіметтің Парламенттегі өкілі;
  • 2001–2003 – Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары – Үкіметтің Парламенттегі өкілі;
  • 2003–2006 – Көлік және коммуникация вице-министрі;
  • 2006–2007 – Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы;
  • 2007–2012 – Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары – Үкіметтің Парламенттегі өкілі;
  • 2012–2017 – Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы;
  • 2017–2019 – Қарағанды облысының әкімі;
  • 2019–2022 – ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы. 2022 жылғы 1 ақпанда басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл қызметтен босатылды.
  • 2022 жылғы 1 ақпаннан – ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы болып сайланды. 

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі жазбасымен оқырмандарын алаңдатып қойды. Өнер ие...

ЖАҢАЛЫҚТАР

NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуанг алғаш рет Қазақстанға келеді. О...