Ерекше дауыс беру: Қасым, Есім және Тәуке хандар бейнесіндегі азаматтар дауыс берді

Фото: Әкімдіктің баспасөз қызметі

ЖАҢАЛЫҚТАР
702

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды акция өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Дауыс беру учаскесіне қазақтың үш ұлы ханы – Қасым хан, Есім хан және Тәуке хан бейнесіндегі азаматтар келіп, бір мезетте өз таңдауларын жасады.

Бұл көрініс – өткен тарих пен бүгінгі күннің сабақтастығын айшықтаған символдық сәт болды. Бір кездері Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ халқын бірлікке ұйыстырып, мемлекеттіліктің берік іргесін қалаған болатын. Ал бүгінгі Ата заң да сол бабалар салған сара жолдың жалғасы, елдің болашағын айқындайтын басты құжат.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – азаматтардың саяси белсенділігін арттыру және ел тағдырына қатысты маңызды шешім қабылдауда әрбір дауыстың маңызын көрсету. 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Тестілеу басталғалы 25 мыңнан астам адам магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсырды. Ғылыми-педа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада автосалон менеджері клиенттердің көлігін заңсыз иемденіп, сатып жіберген, деп хабарлайды Ma...