«МӘМС емханаларға қарыз»: Елжан Біртанов «ел көзіне түсе бермейтін» жемқорларды атады (ВИДЕО)

видеодан скрин

Жаңалықтар
638

Жемқорлар тек қана мемлекеттік қызметте отыратын адамдар емес. Жемқор – нарықта жүретін, дәрі-дәрмекпен айналысатын компаниялардың ішінде де бар.

Қазақстанда медицина саласындағы қордаланған мәселелердің шешімі – цифрландыру. Бұл туралы бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Qasqa jol» ютуб каналына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz

Оның айтуынша, қазіргі кезде еліміздегі бүкіл емханалар, ауруханалар сақтандыру ақшаны алу үшін МӘМС-ке қағазға жазып, актілерді жібереді.

«Себебі цифрландыру мәселесі шешілмеген. Бұл не? Біріншіден, әр емхана, әр аурухана бүкіл азамат келіп медициналық көмек алса, ол міндетті түрде ақпараттық жүйеге сол мәліметті енгізеді. Енді айдың аяғында сол ақпараттың бәрін жинақтап, шот-фактура жасап, қорға жібереді ғой. Сол кезде сақтандыру қорының барлық ақпаратты тексеруге мүмкіндігі болмайды. Себебі көп жағдайда айтып жатыр ғой, «переписка» деген солады, бұрын қағазға жазса, қазір базаға енгізіп жатыр. Мәселен, жеңіл операция өткізеді де, ертең оны күрделі операция деп базаға енгізіп, бағасын көтереді. Мұндай түрлі жағдай болып жатуы мүмкін. Кейін мұның бәрін тексеріп отыра алмайды. Кейде әдейі істейді, кейде қате жібереді. Соның бәрін айдың, жылдың аяғында емес, күнделікті көріп отыру үшін бүкіл ақпараттық жүйені бір жерге жинап, интеграция жасау керек. Ал интеграция жасау үшін арнайы платформа құрылады. Ал бізде науқастардың ем алғаны, дәрі алғаны туралы деректер әр жақта, әр түрлі базада шашылып жүр. Негізінен олардың барлығын ортақ бір базаға біріктіру керек. Сондықтан ай сайын жалақымыздан қорға 2 және 5 пайыздан төлеп жатқан ақшамызда бақылай алмай отырмыз.  Өз ақшамызды бақылауымыз керек қой», - деді экс-министр.

Осы ретте, бағдарлама жүргізушісі «Сонда қор емханаларға қарыз деп айта аламыз ба?» деп сұрады.

«Иә, солай деп айтуға болады. Себебі олар ай сайын аванс төлеп тұр. Аванс дегенміз не? Олар алдыңғы айларға қарап 50 пайыз, 10 пайыз ақшасын береді. Енді орташа есеппен, айына нақты қанша науқасты емдейтінін білмей отыр. Жуырда бір ақпарат келді. Енді ғана қаңтар айының жұмысының ақысын енді жауып жатыр деген. Толық жапты. Қаңтар айының, біріншіден – қағазбен, ешқандай ақпараттың жүйе жұмыс істеп тұрған жоқ. Себебі МӘМС өзінің ақпараттық жүйесін құрамыз деп іске кіріскен, бірақ, жаңа да, бұрынғы да жүйе жоқ, яғни, нәтиже жоқ», - деді ол.

Сондай-ақ Елжан Біртанов медицина саласындағы жемқорлықтың қалай пайда болатынын айтып берді.

«Халық үкіметті, денсаулық сақтау министрін, бәрін жемқор деп ойлайды. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Жемқорлар тек мемлекеттік қызметте отыратын адамдар емес. Жемқор – нарықта жүретін, дәрі-дәрмекпен айналысатын компаниялардың ішінде де бар. Олар бізге дәрінің бағасын көтеріп беріңіз деп келеді. Сосын басқаларды жемқор болуға итермелейді», - деді Елжан Біртанов.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...