Ертіс өзенінде әкесі мен баласы құтқарылды

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
656

Павлодар қаласында Усолька шағынауданы маңында патрульдеу жүргізген құтқарушылар Ертіс өзені бойында төтенше жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға байдарканың аударылуы салдарынан болған. Соның салдарынан әкесі мен баласы суға түсіп кеткен. Бақытымызға қарай, екеуі де құтқару кеудешелерін киіп алғандықтан, көмек келгенше су бетінде қалқып тұрған.

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, оларды судан шығарып, бөлімшеге жеткізді. Суық тиіп қалудың алдын алу үшін зардап шеккендер жылы көрпемен оралып, қажетті жылыту шаралары жүргізілді.

Мамандардың айтуынша, медициналық көмек қажет болмаған.

Қазақстан ТЖМ су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, міндетті түрде құтқару кеудешелерін пайдалануға шақырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Меркіде қайтыс болған Мадинаның құрбысы Зейнеп оның тұрмысындағы қаржылық жағдайға қатысты бірқатар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында екі қазақстандық қыздың қаза болғаны белгілі болды, де...