Кәмелетке толмағандарға қандай ойынды ойнауға тыйым салынды?

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
671

Rockstar Games компаниясы GTA Online ойынына ойыншы жасын тексеретін жаңа жүйені енгізуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы DTFпорталы жазды. Жүйе арқылы кәмелетке толмағандарға танымал ойынды ойнауға шектеу қойылуы мүмкін.

Алғашқы мәліметтер тамыз айының басында ойын файлдарынан табылған болатын. Қазір жүйенің интерфейсі көрсетілген скриншоттар да жарияланды. 

Жас ерекшелігін тексеру QR-кодты сканерлеу арқылы жүзеге асады деп болжануда. Алайда, нақты қандай сервис қолданылатыны әзірге белгісіз.

Алғаш болып бұл жүйе Ұлыбританияда іске қосылуы мүмкін. Себебі елде балалардың интернет қауіпсіздігіне байланысты жаңа заң қабылданған. Spotify секілді бірнеше платформа осы талаптарға бейімделе бастады. 

GTA Online 2013 жылдың 1 қазанында шыққан және бүгінде көптеген танымал ойын платформаларында қолжетімді. Көп елдерде ойынға 18+ жас шектеуі қойылған. Сондықтан жаңа жүйе енгізілсе, GTA Online ойынына кәмелетке толмағандар мүлде кіре алмайды.