«Жасампаз патриотизм» – Конституциялық өзгерістердің өзегі

Madeniet Portaly

ЖАҢАЛЫҚТАР
25

Жаңа адамдар Конституцияның жаңа жобасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz

Қазақстан Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөніндегі алдағы референдум аясында Жаңа адамдар қозғалысы өз ұстанымын жариялады. Ұсынылып отырған түзетулер елдің орнықты дамуына бағытталған стратегиялық қадам ретінде бағалануда.

Астанада өткен қозғалыстың жалпы жиынында бұл мәселе негізгі тақырыптардың біріне айналды. Елдің әр өңірінен келген белсенділер атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы кезеңге арналған жоспарларын талқылады. Жиында азаматтың Әділетті Қазақстанды қалыптастырудағы рөлі мен Конституцияның құндылықтық маңызына ерекше назар аударылды.



Қозғалыс көшбасшысы Асель Баденова Конституцияның 3-бабына енгізілуі ұсынылған толықтыруларға тоқталды. Оның айтуынша, онда жасампаз патриотизм, еңбек, білім, адам және отбасы құндылықтары айқын көрініс табады. Бұл қағидаттар мемлекеттің белсенді әрі жауапты азаматтарға басымдық беретінін көрсетеді. Қозғалыс аталған өзгерістерді толық қолдайтынын мәлімдеді.

Жаңа адамдар бірнеше жылдан бері азаматтық белсенділік пен қоғамдық жауапкершілікті арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Қозғалыс өкілдері қоғамда кең талқыланбаған бірқатар әлеуметтік мәселелердің күн тәртібіне шығуына атсалысқанын атап өтті. Соның ішінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, сталкингке және алып қашуға қатысты жауапкершілікті күшейту бастамалары қолдау тапқан. Сонымен қатар қоғамдық көмекшілер институтын дамыту бағытындағы заңнамалық өзгерістер де қозғалыс бастамаларының қатарында.



Қозғалыс өкілдерінің пікірінше, Конституция деңгейінде жасампаз патриотизм, еңбек, білім және адам дамуы құндылықтарының бекітілуі қоғам сұранысына сай келеді. Жаңа адамдар алдағы уақытта да Заң мен Тәртіп қағидаттарына сүйене отырып, аталған бастамаларды өмірде жүзеге асыруға атсалыса беретінін жеткізді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желілерде Қырғызстан МҰҚК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиевтің атынан жазылған мәлімдем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Алматыдағы ауруханада Сара Н...