Ержан Максим Назарбаев пен Тоқаевтың алдында алғаш рет ән шырқады

ЖАҢАЛЫҚТАР
3330

Ержан Максим Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында өнер көрсетті. Ресейлік "Голос. Дети" байқауының финалісі Ержан Максим Қазақстан халқы Ассамбоеясының сессиясында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында ән шырқады. 

Оралдық жасөспірім елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясының мерекелік концертінде өнер көрсетті. Айта кетсек, Ержан Максим жуырда ғана ресейлік байқаудан оралған еді.

Қазақстандық жас талант Назарбаев пен Тоқаевтың алдында Муслим Магомаевтың "Синяя вечность" әнін орындап шықты.

Бұдан бөлек, концертте КСРО халық әртісі Әлібек Дінішев, жас әнші Данэлия Төлешова да өнер көрсетті. Нұрсұлтан Назарбаевқа ән арнаған әртістер де болды.

Айта кетсек, елордада Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ассамблеяның XXVII сессиясы өтті. Биылғы сессияның тақырыбы – "Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғыру". Сессия жұмысына ҚХА-ның 487 мүшесі қатысты.

Қаракөз Амантай



ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...