Жерсілкінісі себеп болды: Еуразиядағы ең биік жанартау атқылай бастады

Фото: ztb

ЖАҢАЛЫҚТАР
2076

Камчаткада Еуразияның ең биігінде орналасқанжанартау оянып, атқылай бастады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жанартаудың белсенділігі 1952 жылдан бергі аймақта күні кеше болған ең күшті жер сілкінісінен кейін көп ұзамай тіркелген. 

РҒА Бірыңғай геофизикалық қызметінің аймақтық филиалының хабарлауынша, Ключевский шоқысының батыс беткейінен лава аға бастаған. Кратердің үстінде жарқыраған жарқыл мен жарылыстар байқалады. Сейсмологтар кратерде лаваның жиналып жатқанын, сондықтан 10 шақырымға дейінгі биіктікке оның күлі көтерілуі мүмкін екенін ескертеді.

Ключевский шоқысының биіктігі - 4 850 метр. Жанартау Петропавл-Камчаткадан 360 шақырым жерде орналасқан және Жер бетіндегі ең белсендісі болып саналады. 

Табиғи апаттан зардап шеккендер жоқ. Алайда Курил аралдарына төрт цунами толқыны көкке көтерілді. Жапонияда, Қытайда, Гавайиде, Чилиде, Эквадорда, Перуде және Мексикада да цунами болуы мүмкін екені жарияланды. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...