Қазақ жастары махаббатын білдіру үшін не сыйлаған?

Сурет: madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1889

15 сәуір - Ғашықтар күні. Осыған орай бұрынғы кездегі қазақ жастарының бір-біріне сезімін қалай білдергені туралы білесіз бе? MADENIPORTAL.KZ редакциясы ұмыт қалған қазақ салт-дәстүрін қайта жаңғыртып көрді.

Наурыз мейрамы кезінде қазақ жастары арасында ерекше дәстүрлердің бірі – селтеткізер мен ұйқыашар рәсімдері болған. Бұл – халқымыздың махаббатты нәзік жеткізуінің, сезімді сырмен өрнектеуінің бір көрінісі.

Селтеткізер – жігіттің ұнатқан қызына Наурыз түнінде білдірер тартуы. Ол көбіне әтір, айна, тарақ сияқты сәндік бұйымдардан тұрады. Сый арқылы жігіт өзінің көңілін астарлап жеткізеді.

Ал ұйқыашар – арудың селтеткізерге жауап ретінде дайындайтын дәмі. Қыз жігітке арнап тәтті тағам әзірлеп, сезіміне үн қосады.

Бұл дәстүрлер махаббатты жария етпей-ақ жеткізудің, қазақы іңкәрліктің көркем белгісі ретінде есте қалған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...