«Әке-шешесінің қайтқанын әлі білмейді»: Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы белгілі болды

ІІМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
137

Атырауда бір отбасындағы төрт адамның өліміне қатысты резонансты істен кейін психикалық орталықта емделген Ақбаян Мұқанғалиева үйіне шықты. Алайда оның денсаулығында әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ, деп хабарлайды MadeniPortal.kz KursivMedia-ке сілтеме жасап.

Ақбаянның туысы Фаризат Кенжеғалиеваның айтуынша, қазір ол Атырауда жақындарының қарауында ем қабылдап жатыр.

«Өз тамағын ішеді, болды. Әлсіздік бар, емделіп жатыр. Қазір Атырауда апамыздың қолында, сол кісілер қарап жатыр», – деді ол.

Ақбаян бес баласымен де кездескен. Алайда туыстары оған ата-анасы мен жақындарының қаза болғанын әлі айтпаған.

«Ақбаян әке-шешесінің қайтқанын да білмейді. Әзір айтуға келмейтін сияқты», – дейді туысы.

Еске салайық, Ақбаянның ата-анасы мен екі жақынының өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша оның бұрынғы күйеуі Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті ретінде танылған.

PESTEL

Бразилияның танымал әншісі Рей Вакейро мінген ұшақ Парельяс әуежайына қону кезінде ұшу-қону жолағы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сеулде Корея Республикасының мемлекет және қоғам қайраткерлеріне II дәрежелі «Достық» ор...