FlyArystan басшысы рейске жіберілмеген 12 жастағы қыздың анасымен кездесті

Fly arystan

ЖАҢАЛЫҚТАР
2761

11 тамызда FlyArystan әуекомпаниясының басшысы Ричард Леджер 21 шілдеде "Астана-Орал" рейсіне жіберілмеген 12 жастағы Зере Галиеваның анасы Жазира Мусинамен кездесу үшін арнайы Орал қаласына ұшып келді. 

Министрлік мәліметіне сүйенсек, тараптар болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі талқылаған. FlyArystan әуекомпаниясының ресми өкілі қыздың отбасынан кешірім сұраған. Кездесуде Көлік министрлігінің қызметкерлері де болған. Кездесу туралы FlyArystan әуекомпаниясының Telegram-дағы ресми арнасы да жазды. 

“Ричард Леджер Зере Галиеваға, сондай-ақ оның әпкесі Зауре мен анасы Жазира ханымға 2024 жылдың соңына дейін FlyArystan әуекомпаниясымен Қазақстан бойынша тегін ұшуға мүмкіндік беретін сертификаттарды ұсынды", - деді әуекомпания өкілдері. FlyArystan алдағы уақытта кездесу нәтижесі мен қабылданған шешімдер туралы қосымша ақпарат бермек.

ТАРИХ

Қазақстан Ұлы Дала тарихы мен өркениетін зерттеу бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты қолға алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы т...